Танымал әнші Абай Бегейдің екінші келіншегі әкесінің 4 баласы бар азаматқа тұрмысқа шығуға қарсы болғанын жеткізді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі «Бір сұрақ» бағдарламасына сілтеме жасап.
Абай Бегейдің бірінші әйелі осыдан біраз жыл бұрын көз жұмған. Төрт балалы әке кейін отбасын құрып, Фариза есімді ару босағасын аттады. Әншінің әйелі бастапқыда әкесінің бұл некеге қарсы болғанын жеткізді.
«Басында ата-анам қарсы болды. Бірақ, кейін анам да, әкем де, әпкелерім де келісті. Шынымды айтсам, әкем «Төрт баласы бар ер адамда сенің не шаруаң бар» деді. Анам шок болды, тіпті ештеңе айта алмады», – дейді Абай Бегейдің келіншегі.
Осылайша батасын бермеген ата-ана бүгінде күйеу балаларына дән риза.
«Өйткені үйдегілер мені отбасылы болған адамға тұрмысқа шығады деп ойламаған еді. Мен әке-шешеме қабылдаған шешімім осы, қолдауларыңызды сұраймын дедім. Танысып, сөйлескеннен кейін, разылығын берді», – дейді Абай Бегейдің әйелі.