Танымал қазақстандық әнші Нұржан Керменбаев футболшы Мессидің қолтаңбасын сатып алғанын айтып мақтанды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Superstar.kz байқауының жеңімпазы Нұржан Керменбаев желідегі парақшасына Барселонадан арнайы келген футбол командасының қолтаңбасымен түскен суретін жүктеді. Өнер иесі осылайша футболдан қай командаға жанкүйер екенін көрсетті.
Әдетте сахналық киімдерінің бағасын құпия сақтайтын Нұржан Керменбаев бұл жолы қолтаңбаның қалтасын жұқартқанын жасырмады. Қолтаңбаның қымбатырақ түрін сатып ала алмағаны үшін өкініш те білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Фанаты Барсы, трепещите» деп қойсам. Кешеден бері келіп жатқан сұрақтарыңызға жауап берейін. Иә, бұл түпнұсқа қолтаңба! Арнайы Барселонадан алып келген. Бағасы – 700 000 теңге. Ал егер өз атыңызға мысалы «Special for Nurzhan” деп алғыңыз келсе, бағасы 1 500 000 теңге, – дейді Нұржан Керменбаев.