Қырғызстанның экс президенті Алмазбек Атамбаев тамыздың 7-сінен 8-не қараған түні мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
«Мен сізге қатты ренжідім. Бүгін билік Конституциядан аттап өтіп, өз халқына оқ жаудырды. Бастапқыда резеңке оқтармен, артынша шын қарумен атты. Бұл ұят жағдай. Атамбаев террорист емес. Оның айналасына жиналған адамдар да. Сағат жеті жарым шамасында адамдар әдеттегідей менімен селфи жасау үшін келді. Жазықсыз азаматтар зардап шекті», – деді ол.
Сондай-ақ, Атамбаев Батукаевтың ісіне қатысты да жауап берді. Осы уақытқа дейін бұл іске қатысты жазбаша жауап беруге дайын болғанын жеткізгенін айтты. Әр сөзі газетте жариялануы үшін көпшілік алдында жауап бергісі келгенін бөлісті.
«Тек ішкі істер министрлігі үшін жазуға дайын болдым. Атамбаевтың аузын жабу үшін билік адамдарға оқ жаудырды. Мен билікке «тоқта» деп айтқым келеді. Күш құрылымдарына да «Өз халқыңа оқ атпа» деймін. Бұйрық бергендер қашады, ал сендер қаласыңдар. Сендер отбасыларың мен халықтың алдында ант бергендер», – деп сөзін қайырды Атамбаев.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін экс президентті ұстау операциясы жүргені туралы хабарлаған едік.