Түркістан облысының тұрғыны өзінің үш жасар қызын зорлап, кейін оны пышақтап тастаған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Жантүршігерлік оқиға өткен жылдың қазан айында Түркістан облысында орын алды. Серік Рақымбердиев деген ер адам ішімдікке тойып алып, өзінің үш жасар қызын зорлаған. Содан кейін оған 38 рет пышақ сұғып өлтірген болатын. Әке сымақ тек баланы өлтіргенін ғана мойындады.
Сот шешімі бойынша, Ордабасы ауданы Бадам ауылының тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ, ол сот үкіміне шағым түсірмек.