Алматы қаласында скотчпен ұсталып тұрған бағдаршам жұрттың қызу талқысына түсті. Бұл туралы қала тұрғыны Ринат Абдулхаликов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Желі қолданушысы аталған бағдаршамның Достық пен Төле би көшелерінің қиылысында тұрғанын жеткізді.
«Енді мен бәрін көрген шығармын» деп жазды ол суреттің тұсына. Желі қолданушылары өз кезегінде мұның қала үшін ұят екенін тілге тиек етті.
«Өте ұят нәрсе», «Біздің елде барлығы скотчпен байланған», «Скотч аман болсын», «Меніңше, уақытша осылай тұрған болуы керек. Ертең жөндеп қоятын шығар» деп жазды желідегілер.
Алматы қаласы мамандандырылған монтаж-пайдалану мекемесі қызметкерлері скотчпен жапсырылған бағдаршамды жөндеді. Сондай-ақ, олар мұндай жағдайдың жөндеушілер абайсыздығынан болып жатқанын айтты.