«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына қатысты өткен үкіметтік сағатта халық қалаулысы бағдарламалардың нәтижесіз болғандығына шүйлікті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын талқылау кезінде «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезіндегі проблемаларды есте ұстаған жөн. Есеп комитетінің мәліметінше, аталған бағдарламаның бірқатар іс-шаралары толық көлемде орындалмаған. Мәселен, Білім және ғылым министрлігі әзірлеген 35 миллиард теңгенің E-learning – электрондық оқыту жүйесі сол күйі іске қосылмады. Мемлекеттік органдар бұл бағдарламаға 217 млрд теңге бөлінді деп елге жар салды, ал іс жүзінде республикалық және жергілікті бюджеттерді, сондай-ақ ұйымдардың бөлген өз қаражатының бәрін есептегенде ол 371 млрд теңгені құраған, – деп еске алды ол өткенді.
Депутат Мұхтар Ерманның сөзінше, Цифрлық Қазақстанға республикалық бюджеттен 141 миллиард және квазимемлекеттік сектордан 169 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылған.