Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы қызметкерлері сотталды. Олар ірі көлемде пара алған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәдениет және спорт министрлігінің экс-жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев пен этика жөніндегі бұрынғы уәкіл Еренай Дәржібаев діни әдебиетті шығару бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасау арқылприы қолдау көрсеткені үшін ірі мөлшерде пара алды деп айыпталуда.
Уәлиев 8 жылға колония-қонысына тоғытылса, оның әріптесі Еренай Дәржібаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы шенеуніктердің екеуін де мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды, деп жазады басылым.
Бұдан бөлек, «ҚазАқпарат» баспа корпорациясының президенті Қонысбек Ботабай және кәсіпорын қызметкері Нұркен Құралабай даулы іске қатысты екенін атап өтті. Олардың екеуі де шенеуніктерге пара берді деп айыпталуда.
Кінәлі деп танылған Ботабай 7 жылға сотталды, ал Құралбайдың іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ол ақталып шықты.