Мас күйінде көлік жүргізген адамның кесірінен төрт көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Neonomad.kz.
Оқиға Алматыда Райымбек пен Байзақова көшелерінің қиылыснда болды.
Sputnik.kz сайтының хабарлауынша, жол апатЫ болмас бұрын барлық көліктер бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған. Ал Райымбек көшесінен үлкен жылдамдықта келе жатқан Mitsubishi Carisma көлігі тоқтаудың орнына, Galant көлігіне барып соқтығысқан. Ол өз кезегінде алдында тұрған Lexus-ты зақымдады.
Сөйтіп Lexus алдында тұрған Toyota Land Cruiser Prado көлігін іліп кеткен. Жол апаты салдарынан үш адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнына жеткен полицияның хабарынша, жол апатына себепкер болған көлік жүргізушісі мас екенін анықтады. Қазір тексеру шаралары жүргізілуде.
