Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округының әкімі пара алғаны үшін сотты болды, деп хабарлайды Neonomad.kz.
Ащыбұлақ әкімі жер телімдерін үлестіремін деп, пара алған.
Тергеу мәліметінше, әкім С. Күзембаев ауданда орналасқан 4 жер телімін шығарып бергені үшін 3,6 миллион теңге пара алған.
31 шілдеде Іле аудандық сотында Күзембаевтың қылмыстық ісі қаралды. Сот үкімі боййынша, ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі минимал мекемеде өтейтін болады.
Сотталған азамат өмірбойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.