Шығыс Қазақстан облысындағы Малоубин ауылдық округінің әкімі өрт сөндірушілер келгенше 11 жасар қызды өртеніп жатқан үйден аман алып шықты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкім Сергей Сомов жасөспірімді өрттен аман алып шыққанымен қоймай, оған жасанды жолмен ауа жұтуға көмектесті. Аталған оқиға бірнеше күн бұрын Секисовка ауылында болды.
Өртенген жекеменшік үйге екі учаске қызметкерлері келді. Олар келіп жеткен сәтте үй толықтай өртеніп жатты. Қызыл жалын шамамен 70 шаршы метрді шарпыған. Өрт сөндірушілер 11 жасар қыздың түтін толы бөлмеде жатқанын анықтады.
Жолды жалын жауып тастағандықтан, әжесі үйге кіре алмаған. Мұны көрген Малоубин ауылдық округінің әкімі Сергей Сомов үйге қарай жүгірген. Ол еш ойланбастан терезені сындырып, өртке оранған үйге кірген. Кейін жатын бөлмеден есінен танып жатқан қызды шығарып, әйелі екеуі тыныс алуға көмектескен. Бірнеше минуттан кейін қыз бала есін жинады.
Иіске уланғандықтан, немересі мен әжесі Өскемендегі аурханаға жеткізілді. Қарияның денесінің 30%-ін күйік шалған. Қазіргі сәтте олардың жағдайы тұрақты.