Ресейде шабаданның ішінен қыздың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz РЕН ТВ арнасына сілтеме жасап.
Мәскеуде блогер қыздың өлі денесі табылды. Басылымның хабарынша, ол Пырьев көшесінен пәтер жалдап алған. Кейін пәтердің иесі үйден қыздың өлі денесі сақталған шабадан тауып алады.
Белгілі болғандай, қыздың тамағын кескен. Табылған кезде қыз киімсіз болыпты.
Ол медицина бойынша жоғары оқу орнында білім алып жүрген. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде блог жүргізген. Оның 80 мыңға жуық оқырманы бар екен. Өз парақшасында блогер оқу үдерісі мен саяхат туралы айтатын болған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, кісі өлтіруге қызғаныш себепші болған.