Таразда тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылау басқармасының жетекшісі 100 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
ҚР жемқорлықпен күрес жүргізу агенттігі департаменті Жамбыл облысы Тараз қаласында тауар қауіпсіздігі мен оның сапасын бақылау басқармасының жетекшісін пара алды деген күдікпен ұстады.
Агенттік таратқан хабарламада оған бассейнге жалған санитарлық-эпидемиялық қорытынды берді деген айып тағылып отырғаны туралы жазылған.
«Күдікті қамауға алынды. Тергеу жұмыстары әзірге жалғасып жатыр. Сот шешімді күдіктінің кінәсінің дәлелденгеніне қарай шығаратын болады», – делінген агенттік хабарламасында.