Жұма, Қаңтар 22, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

«Биліктегі ресейлік лобби оның бостандыққа шыққанын қаламады»: Қосанов Жәкішевтың сотына қатысты пікір білдірді

Шілде 25, 2019
Қазақстан, Басты жаңалықтар, Пікір
«Биліктегі ресейлік лобби оның бостандыққа шыққанын қаламады»: Қосанов Жәкішевтың сотына қатысты пікір білдірді
Поделиться на Facebook

Семейде Жәкішевтың бостандыққа шығару жайлы өтінішін сот қарап, бірақ қанағаттандырмады. Соған байланысты Әміржан Қосанов Facebook желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

«Арнайы мақалалар жазып, сұқбаттар бергенмін.

Шымкентте полицей кейуананы зорламақ болған күдіктімен селфи жасады. Тексеріс басталды

Қостанай облысында 12 жасар қыз жүкті: өгей әкесі қамауға алынды

Міне, осы жолғы Семейден өткен, Мұхтарды шартты түрде мерзімінен ерте бостандыққа шығару туралы мәселені қарастырған сот алдында қоғамдық санада белгілі бір дәрежеде серпіліс туып, бұрын-соңды болмаған үміт оты жанып, баршаны біріктірген сенім орын алды. Әлеуметтік желілерде Мұхтарға қатысты ақпараттық қолдау қанатын кең жайып, бұрын осы тақырыпқа қалам тербемеген тұлғалардың өзі қорықпай-қаймықпай өз ойын ашықтан-ашық айтып жатты.

Бірақ, үкілі үміт ақталмады!

Неге?

Меніңше, Семей сотының Семейде емес, Астанада жазылған теріс шешімінің бірнеше себебі бар.

Біріншіден, Мұқтар – жай топ-менеджер емес. Ол атом өнеркәсібі секілді кез келген елдің экономикасында өз орнын ойып алатын іргелі, стратегиялық саланың жетекшісі болған азамат. Және де оның осы саланы біржақты, ресейлік тәуелділіктен құтқарып, көпвекторлы сипатта, соның ішінде дамыған батыс елдерімен тығыз интеграция негізінде дамыту жолының жақтасы болғанын бәріміз де білеміз. Меніңше, біздің биліктегі ресейлік лобби оның бостандыққа шығып, осы сала төңірегіндегі алып-қашпа әңгімеге түсініктеме беруін қаламады. Мұхтардың түгінгі сотта сөйлеген дәйекті, шыншыл сөзінің өзі не тұрады! Сотта осылай сөйлесе, бостандыққа шыққанда не болады?! Билік осыдан қорқып отыр! Яғни, ол жағдайда он жыл бұрын Мұхтарды соттатқан кландардың арты ашылар еді! «Еуразияшыл» біздің билік сол лоббистерге әлі де мойынсұнып отырғанын ап-анық көрсетті!

Он жыл бойына ел алдына шыға алмай, бүгін сотта сөйлеген Мұхтар өзінің нағыз азамат екенін көрсетті! Күн тәртібіне қатысты, шектеулі жағдайда айтылса да, оның сөзі не деген терең әрі астарлы еді! Бір ауыз сөзбен бүкіл сот жүйесіне баға беріп тастады! Өз басым оны «Мұхтардың манифесі» деп қабылдадым!

Екіншіден, Мұхтар саяси оппозиция болған жоқ. Режимге қатысты біз секілді ащы сын айтқан жоқ. Яғни, оны саяси көзқарасы, не күресі үшін түрмеге жапты деу артықтау болар.

Бірақ оның осыншама жыл қапаста қамалып, адам төзгісіз қорлық көріп, жаны мен тәні қиналып, азап тартуының өзіндік саяси астары бар екені де рас. Яғни, ол кезінде өз досы Мұхтар Әблязовты тұрмеден шығару туралы бастаманың басы-қасында болып, оның ендігәрі саясатпен айналыспайтынының бір кепілі болған. Әблязов болса, анау, өз досының кепілдігін тәрк етіп, нәтижесінде оның тағдырына обал жасады (ол туралы өзі де ашық айтып, мойындап жүр). Яғни, Әблязов факторы Жәкішевтің жағдайына әсер етуде! Меніңше, Гордий түйіні секілді осы кілтипанды шешіп алмай, ешнәрсе де өзгере қоймас!

Үшіншіден, қазіргі билік транзитінің құбыжық құрылымы да осы жағдайға өз ықпалын тигізіп отыр. Рас, қоғамдық санада «президент Тоқаев саяси либерализацияға барады» деген пікір жоқ емес. Өзінің жария сөздерінде ол өзі де қоғамдық оймен санасу керектігі туралы оң, жұртқа жағар жақсы ойлар айтып қалып жүр. Жәкішевтің бостандыққа шығу мүмкіндігін де көпшілік дәл осы фактормен байланыстырғаны рас. Несін жасырайын, аузым күйіп, үріп ішіп жүрген өзім де сондай ойда болдым.

Төртіншіден, біздің режим ешқашанда қоғам пікірін мойындағысы келмеген! «Жұрт осыны талап етіп жатыр екен, біз соны ескеріп, райымыздан қайтып, мына шешімімізді қайта қарадық!» деп мойындау – билік үшін саяси өліммен тең! Осы тұрғыдан алғанда, Семейдегі сот алдындағы әлеуметтік желідегі дүрбелең Мұхтарға өз салқынын тигізді ме деп қалдым!

Семейдегі соттың шешімін естіп отырып, елбасы басшылық еткен Қауіпсіздік кеңесі үстемдік етіп отырғанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне ғана басшылық ете алатын Тоқаевтың аяғы тұсаулы, президенттік мандаты мен мүмкіндігі шектеулі ме деп қалдым…

Қазіргі сөздері мен істеріне қарасам, Қауіпсіздік кеңесі маған «қаршығалар», ал Сенім кеңесіндегілер «көгершіндер» боп көрінеді. Орнитология мен политологияның арасы осыншама жақын бола ма еді! Анда да, мұнда да Дарвин заңдарына сай күшті жеңеді екен! Табиғат пен қоғам заңдары да бірдей емес пе?!

Сөз жоқ, өзінің саяси өзгерістерін Мұхтар Жәкішевті, содан көп ұзатпай Арон Атабектіі, Макс Боқаевты босатудан бастағанда Тоқаев, сөзсіз, халық ризашылығына бөленер еді.

Осындай маңызды шешімдер қабылдауына Тоқаевтың бір мықты моральдық-саяси мүмкіндігі бар: осы үкімдерді қабылдауға оның жеке басының қатысы жоқ сияқты, өйткені ол жылдары ол ішкі саясатпен емес, сыртқы саясатпен айналысты. Яғни, ол шешімдерге заман мен қоғамның талабына сай әділетттік орнату ол үшін ешбір қиындық туғызбайды.

Бірақ олай болмады.

Не ондай жолды өзі қаламады.

Не ондай жолды басқалар қалатпады.

Меніңше, 9 маусымнан кейінгі еліміздің дамуының ең басты анықтауышы осы – кешегінің ауыр жүгін арқалаған елбасы мен ондай жүктен біршама ада Тоқаевтың арасындағы қатынастың формасы мен мән-мазмұны.

Алғашқы үміт Жәкішевтің тағдырына қатысты еді. Ол үміт ақталмады.

Қалған үміттер не болмақ?!

Гәп сонда!», – деп жазды ол.

Тегтер: Әміржан ҚосановҚазақстан жаңалықтарықылмысСаясат
Бөлісу12ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

"Сәбиін бауырына басып үлгермеді": Марқұм келіншектің туыстары дәрігерлерді кінәлайды

Келесі жаңалық

6 айдан бері айлықсыз: Қарағанды облысында 150-ден астам адам ереуілге шықты

ҰқсасЖаңалықтар

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты
Шоу-бизнес

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
222
Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді
Өмір

Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді

Қаңтар 21, 2021
74
800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды
Парламент

800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

Қаңтар 21, 2021
75
Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды
Қылмыс

Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды

Қаңтар 21, 2021
99
Әкімдік баннердегі суреті үшін ақша талап еткен әйелге жауап берді
Өмір

Әкімдік баннердегі суреті үшін ақша талап еткен әйелге жауап берді

Қаңтар 21, 2021
21
Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді
Өмір

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
qaz.neonomad.kz

6 айдан бері айлықсыз: Қарағанды облысында 150-ден астам адам ереуілге шықты

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.3k
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.1k
«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты
Шоу-бизнес

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
222
Тойы шетелде өтеді. Емші бала Ерболсын үйленгелі жатыр
Шоу-бизнес

Тойы шетелде өтеді. Емші бала Ерболсын үйленгелі жатыр

Қаңтар 10, 2021
680

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
222

Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жойды

Қаңтар 21, 2021
14

Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді

Қаңтар 21, 2021
74

800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

Қаңтар 21, 2021
75

«Тұншығып қалса ше?». Елордалық әкенің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Қаңтар 21, 2021
116

Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды

Қаңтар 21, 2021
99
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.