Қызылорда облысындағы ормандар және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесінің басшысы Смағұлов пара алғаны үшін сотталды, де хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қызылорда ормандар және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесінің» басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын және пара алды деген күдікке ілінгенін айтты.
«Ол мемлекеттік мекеменің жұмысшысынан жұмысқа орналастырғаны және қорғаушылық жасағаны үшін 300 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. 17 қыркүйекте Қызылорданың №2 сотының үкімімен Смағұловқа 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды», – делінген хабарламада.
Бұдан былай Смағұлов өмір бойына мемлекеттік қызметке тұра алмайды.