Қостанай облысында әйел ер адамды пышақтап тастады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі «Алау» телеарнасына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 28 қазанда орын алды.
Таран ауданы Әйет ауылында тұратын 29 жастағы әйел жанжал барысында бірге тұратын ер адамның кеуде тұсына пышақ ұрған. Соның салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапты. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.