Павлодарда 25 жастағы қыз ұрлықпен ұсталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Облыстың 25 жастағы тұрғыны сөредегі тауарларды қарап тұрып, қызығушылық білдірген сатып алушының кейпін танытқан. Бұдан кейін сөредегі Neoline маркалы бейне-тіркеушісін еркін ұрлап кеткен. Бірнеше күннен кейін сол сауда орталығында осыған ұқсас әдіспен сөреден Neoline X Cop 9100 маркалы бейне-тіркеушісін ұрлаған. Күдікті осымен шектеліп қалмай, бір аптадан кейін іс-әрекеттерін ешкім байқамағанына көз жеткізіп, Starlinе А93 ECO автокөлігінің дабыл құрылғысын қолды қылған», – деді баспасөз қызметінің өкілдері.
Белгілі болғандай, ұрлық Назарбаев даңғылындағы тұрмыстық техника сататын сауда үйлерінің бірінде болған.
Қылмыскер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.