Желіде Иранда 22 жастағы жігіт 11 жастағы қыз балаға үйленіп жатқан сәттен видео тарады. Бірақ видеоны көрген көпшілік наразылық танытып, енді сот некені бұзуды талап етуде, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Некесі қиылған кішкентай қыздың ата-анасы сотқа шақырылған. Сол жерде жасөспірімнің туу туралы куәлігі көрсетіліп, қыздың жасы 11-де екені анықталған.
Үйленген жігіт болса 22 жаста екені белгілі. Отбасының сөзінше, жастарға бір-бірін тану үшін уақыт беріледі, олар бірден күйеуі мен әйелі ретінде бірге өмір сүріп кетпейді.
Алайда сот қыз баланың жасына байланысты некені бұзу туралы шешім қабылдаған. Енді ата-аналар қыздың 13 жасқа толуын күтеді. Сосын жастар қайтадан үйленетін болады.
Айта кетекік, осыған дейін журналист Масих Алинежад Twitter желісіндегі парақшасында видео жариялаған болатын. Онда үлкен ер адам кішкентай қызға үйленіп жатқаны түсірілген. Салтанатты кеште кішкентай қыздың көзін сүрткенін байқауға болады.
This a wedding party for girl who is under 13 years old. I cried when I received this video from
Bahmai County which is a county in Kohgiluyeh and Boyer-Ahmad Province in Iran. Under Islamic laws 13 year old girl can marry but cannot chose her dress code. pic.twitter.com/gqIQZDUcju— Masih Alinejad ?️ (@AlinejadMasih) September 2, 2019