Ұлыбританияда тұратын көпбалалы ана Сью Рэдфорд 22-ші сәбиіне жүкті болып отыр. Әйел Youtube видеохостингінде The Radford Family аталатын отбасылық арнасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Сью Рэдфорд пен жолдасы УДЗ суретін көрсетті. Олар 2018 жылы ғана бұдан кейін балалы болғысы келмейтінін айтқан-ды. Себебі олардың 21 баласы бар. Олардың ең кішісі 2018 жылы дүниеге келген.
Алайда араға бір жыл салып Сью тағы да бала көтерді. Ол, тіпті, жүктіліктің 15-аптасында.
«Баламның жынысын білуге асығып жүрмін. Ол ұл болса екен деп армандаймын», – дейді ол.
Бүгінде бұл отбасыда 11 қыз, 10 ұл бала бар. Сондай-ақ, олардың мемлекет тарапынан ешқандай жеңілдік көріп отырмағаны белгілі болды. Тек балаларға жәрдемақы беріледі екен. Ерлі-зайыптының отбасылық наубайханасы бар. Онда отағасы мен ересек балалары жұмыс істейді.