Жоғары оқу орындарындағы босаған орындар туралы мәліметтерді Ұлттық тестілеу орталығы жариялады, деп хабарлайды ORDA.
Ұлттық тестілеу орталығы 2020-2021 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша шығарылған бос білім гранттарын тағайындау орындарының саны туралы мәліметтер ұсынды.
ҰТО мәліметтері бойынша, бос білім гранттарын тағайындауға барлығы 1 751 адам өтініш бере алады, оның ішінде 1 617 бакалавриат бағдарламасы бойынша және 134 магистратураға.
- Астана IT университетінде – 118;
- С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде – 123;
- Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде – 99;
- әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде – 50 грант бар.
Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЮУ, Инновациялық Еуразия университеті, «Астана» Халықаралық университетінде бос орындар жоқ.