Сәрсенбі, Наурыз 3, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

«Құқығымызды шектейді». Көп балалы әйелдер вакциналық электронды паспортқа қарсы шықты

Ақпан 3, 2021
Өмір, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
«Құқығымызды шектейді». Көп балалы әйелдер вакциналық электронды паспортқа қарсы шықты

Сурет: Әсемгүл Мұхитқызы

Поделиться на Facebook

Covid: Қазақстанда 1 ақпаннан бастап халыққа жаппай вакцина егіле бастайды

Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді

3 ақпанда денсаулық сақтау министрлігінің алдына 30 шақты әйел жиналып, Қазақстанда жақын арада енгізіледі деген вакциналық электронды паспортқа қарсы шықты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Қызыл, сары және жасыл түсті болып киініп, адамдарды «вакцина алғанына қарай үш түске бөліп ажырататын» QR-кодқа қарсы екенін айтқан ата-аналар «электронды паспорт қазақстандықтардың конституциялық құқықтарын бұзады» деді.

– Нақты жағдайда билік ұсынып отырған жоба Конституцияға қайшы. Ата заңның 14-бабында дискриминация болмауы тиіс деп жазылған. 21-бапта әрбір азаматтың еркін қозғалуына құқығы бар деп жазылған. Ал жаңа ұсыныс бойынша, QR-коды «қызыл» көрсеткен адам дүкенге кіре алмайды, банкоматтан ақшасын ала алмайды, дәріханаға барып, парацетомол ала алмайды. Яғни, бұл Конституцияда жазылған құқықтарды толық бұзу болып саналады, – деді жиналған әйелдердің бірі.

Қолдарына қазан мен ожау ұстаған әйелдер министрлік алдында тақырлатып, «вакцинаға қарсымыз!», «Цой шықсын!» деп айқайлады.

– Вакцина деген нәрсеге ешкім сенбей қалды. Өйткені, көп балалы аналардың көбісінің баласы вакцинадан мүгедек болып қалған. Бұл Қазақстан медицинасының осалдығын, дамымағандығын көрсетеді. Ертеңгі күні денсаулығымызға қауіп төнсе, оған кім жауап береді? Цойдың өзі шығып, егер бір адам зардап шегетін болса, мен өзім жауап беремін деп айтсын. Соны ешкім ойлап жатқан жоқ. Бәріне сенбей қалдық, – дейді Айжамал Сариева есімді әйел.

Сәлден соң министрлік өкілдері шығып, наразы аналардың сұрақтарына жауап берді.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Нұрша Әзімбаева коронавирусқа қарсы вакцина ерікті түрде салынатынын және ол 18 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқандарға салынбайтынын жеткізді.

– Вакцина адам өмірін сақтайтын шаралардың бірі. Коронавирус пандемиясы дағдарысынан шығатын бірден-бір жол екеніне халықаралық мамандардың көзі жетіп отыр. Біз ғана емес, бізден ертерек бастағандар бар. Екіншіден, оны салдыртар кезде адамнан келісім алынады. Бұған қоса, вакцина егілгендер мен егілмегендер арасында шектеу болмайды, – деді ол.

Цифрлық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Мақсат Төлегенов әйелдерге “QR-кодтың пайдасын” түсіндіруге тырысты.

– Мысалы, сіз фитнес орталыққа бардыңыз. Сіз өзіңізге Covid жұқпайтынына сенімді болғыңыз келеді. Орталықта QR-кодты сканерлейсіз. Сол кезде бизнес өкілінде сіздің иммундық статусыңыз туралы ақпарат пайда болады. Егер сіз жақында ПТР-тест тапсырған болсаңыз, тестіңіз теріс нәтиже көрсеткен болса, сізде жасыл статус болады, яғни сіз ол жаққа кедергісіз өтіп, алаңсыз спортпен айналыса аласыз. Егер біреудің қызыл статусы болса, оған кіруге болмайды. Бұл бизнес өкілдерінің пандемияның кесірінен қатты шығынға батпауына мүмкіндік береді. Екіншіден, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, – деді ол.

Осыған дейін Қазақстан билігі вакцинацияның электронды паспортын енгізетінін хабарлаған. Онда адамдардың иммундық статусы, екпе салдырғаны-салдырмағаны, екпеден соң кері әсер болған-болмағаны сияқты ақпараттар болады. Министрлік коронавирусқа қарсы вакцина салдырмағандарға шектеу болмайды деп жалпы айтқанмен сарапшылар онсыз жобаны жүзеге асыру мүмкін емес екенін айтады.

Тегтер: вакцинавакцинациялаукөпбалалы анакөпбалалы аналарпикет
БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Дәмханада ыдыс жуған «Мисс Қызылорда-2017»: Маған атақ керек емес, әке-шешемнің қабіріне барсам болғаны

Келесі жаңалық

Қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимов қайтыс болды

ҰқсасЖаңалықтар

Туған жеріне симаған  Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды
Басты жаңалықтар

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
99
Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
526
20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін
Денсаулық

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
42
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
446
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды
Басты жаңалықтар

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
272
БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді
Қазақстан

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
213
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимов қайтыс болды

Қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимов қайтыс болды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
526
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
446
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды
Басты жаңалықтар

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
272
БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді
Қазақстан

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
213

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
99

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
526

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
42

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
446

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
272

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
213
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.