Бейсенбі, Наурыз 4, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Нұрқаділовтің қарындасының қызы: Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да

Хал үстінде жатқан әйелдің қызы ел жиып берген ақшаға үй алғалы отырғанын айтты

Қаңтар 27, 2021
Өмір, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Шоу-бизнес
Нұрқаділовтің қарындасының қызы: Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да

Сурет: m.sputnik.kz

Поделиться на Facebook

Заманбек Нұрқаділовтің қарындасы Рая Қалабаеваның оқиғасы кешелі бері отандық ақпарат құралдарында жиі жарияланып жатыр. Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында аянышты тағдыры сипатталған Рая әжейдің тағдыры көпшілікті алаңдатқаны рас. 22 жыл пәтер жағалап, бес жылдан бері психикалық ауытқушылыққа байланысты төсек тартып жатқан Рая Қалабаеваның қызы Әсел ауыр жағдайға байланысты халықтан көмек сұраған болатын. Кейін бұл мақалаға қатысты әнші Мақпал Жүнісова жауап қатып, марқұм Заманбек Нұрқаділовтің мұндай қарындасы барын білмейтінін айтты. Осы орайда, Раяның қызы Әсел Қалабаева KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, мәселенің мән-жайын түсіндірді.

«Анам қазір хал үстінде. Ол бес жылдан бері өзін-өзі жоғалтуына байланысты төсек тартып жатыр. Анамның марқұм Заманбек Нұрқаділовке туған қарындас болып келетініне күмән келтіріп жатқандар көп екен. Осы орайда, анам Раяның дені сау кезінде айтқан дерегі бойынша түсіндіріп өтейін. Қалабайдың балалары, ағайынды Нұрқаділ мен Байғожа соғысқа аттанады. Соғыста Нұрқаділ қаза табады да, Байғожа елге жаралы болып оралған.

Кейін қазақтың әмеңгерлік дәстүрі бойынша Нұрқаділдің жұбайы Күлшарпан апаны өзіне әйелдікке алады. Осы некеден марқұм Заманбек аға туған. Ал Байғожаның екінші әйелі – Тұрлыхан. Тұрлыханнан менің анам Рая туған. Яғни, екеуінің әкелері бір болғанымен, аналары бөлек. Кейін марқұм Заманбек аға алты жасында нағашыларына кетеді де, арада байланыс үзіледі. Анамнан естіген деректерім тура осындай. Басқа алып-қосарым жоқ. Бәрін Алла көріп тұр ғой», – дейді Әсел Қалабаева.

Осы орайда, Рая Қалабаеваның қызы Әсел Қалабаева Заманбек Нұрқаділовтің атын жамылып, қандай да бір шу көтеруді және пайда табуды мақсат етпегенін шегелеп айтты.

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Болат Назарбаев пен Мақпал Жүнісова тікұшақпен серуендеді

«Марқұм ағамыз Заманбек Нұрқаділовтің есебінен пайда көрейін деген ойым мүлде жоқ. Ол кісінің жұбайы Мақпал Жүнісоваға да ешқандай өкпе-назымыз жоқ. Менің анамды ол кісінің білмеуі заңды да. Өйткені, анам мен Заманбек ағаның арасы кішкентай кездерінде алшақтап кеткен. Ол кісі нағашыларының қолында өскенін жоғарыда айттым. Заманбек ағаның анасы Нұрқаділдің жесірі болғандықтан, кейін бірінші жолдасының есімін ұлына берген болуы керек. Өз басым солай түсіндім. Анам Раяны Заманбек ағаның бірінші жұбайы мен ұлы Қайрат таниды. Олардың алдына бір-екі рет барғанмын.

Ал Мақпал ханымның бізді білмеуі түсінікті жайт. Өйткені, анам мен Заманбек ағаның арасы кейін үзіліп қалған. Осы орайда, халық мені дұрыс түсінсе екен. Ешкімге ешқандай өкпеміз де, міндетіміз де жоқ. Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да. Тек жиырма жылдан аса уақыт бойы пәтер жағалап, одан қалса, анам ақыл-есінен айырылған соң халықтан көмек сұрағаным рас. Бүгінде «Уақыт көрсетеді» бағдарламасы арқылы біраз қаражат жиналды, соған пәтер алсақ деп қуанып отырмыз. Тағы да қайталап айтамын, Заманбек ағаның атын пайдалану ойымызда жоқ. Бар болғаны, неше жылдан бері пәтер азабын тартқан соң, халықтан көмек сұрадым», – дейді Әсел Қалабаева.

Тегтер: Әсел ҚалабаеваМақпал ЖүнісоваРая Қалабаева
БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Жоқ туысына дейін жалақы төлеген директор 14 млн айыппұл арқалады

Келесі жаңалық

Қазақстанда зейнет жасы төмендейтін болды ма?

ҰқсасЖаңалықтар

Туған жеріне симаған  Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды
Басты жаңалықтар

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
156
Курьер он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды (видео)
Әлем

Курьер он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды (видео)

Наурыз 3, 2021
11
Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
544
20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін
Денсаулық

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
56
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
478
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды
Басты жаңалықтар

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
276
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Қазақстанда зейнет жасы төмендейтін болды ма?

Қазақстанда зейнет жасы төмендейтін болды ма?

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
478
Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
544
Туған жеріне симаған  Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды
Басты жаңалықтар

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
156
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
6.3k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
156

Курьер он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды (видео)

Наурыз 3, 2021
11

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
544

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
56

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
478

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
276
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.