Бейсенбі, Наурыз 4, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Әнші сенбесе де, қолынан келгенше ақша салатынын айтты

Қаңтар 26, 2021
Өмір, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Шоу-бизнес
«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Сурет: Мақпал Жүнісованың жеке архивінен

Поделиться на Facebook

Желіде өзін мемлекет және қоғам қайраткері, марқұм Заманбек Нұрқаділовтің қарындасы деп таныстырып, әнші Мақпал Жүнісовадан көмек сұраған отбасының видеосы тарады. Осы орайда Sputnik Қазақстан өнер иесіне хабарласып, пікірін сұраған.

Әншінің сөзінше, марқұм жарының қарындасы бар екені туралы алғаш рет естіп отыр. Ал Заманбек Нұрқаділов «Не только о себе» деген кітабында шешеден екеу екенін жазған.

Нұрқаділовтің қарындасының қызы: Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да

Болат Назарбаев пен Мақпал Жүнісова тікұшақпен серуендеді

«Қайдан табылған қарындас екенін мен білмеймін. Зәкең екеуміз Шонжыда талай рет болдық. Сол жерде қарындасы болса, Зәкең соның үйіне кіретін еді ғой. Қызық, бұл қайдан шыққан ақпарат?» – дейді Мақпал Жүнісова.

Өнер иесі сонымен қатар жұбайының «артымда бауырларым қалып бара жатыр» деп аманат қалдырмағанын, сондықтан мұны қазбаламайтынын жеткізді.

«Бұл рас па, өтірік пе, оны қазбаламаймын. Зәкеңнің бүгіп кеткен құпиясын қазбалауға құқығым жоқ. Маған дейін 25 жыл басқа кісімен тұрды. Сол кісі білетін шығар. Маған неге айтпағанын білмеймін ғой. Сондықтан бұл жерде тексеретін нәрсе көп. Зәкең тірі болса биыл 77 жасқа толар еді. Ол кісінің сөзінше, бір жасқа келгенде әкесі соғысқа кетіп, оралмаған. Ал видеодағы кісі 71-ге келеді екен. Сонда ол қалай қарындасы болады, соны түсінбей отырмын. Мен сенбеймін. Оны зерттеу керек», – дейді әнші.

Ол сондай-ақ Заманбек Нұрқаділов дүниеден өткенде «қарындасының» көңіл айтып келмегенін, үйінде суреті де жоқ екенін айтты. «Зәкең көз жұмған кезде қайда қалыпты?! Көңіл айтқан да жоқ қой.

«Қарындасымын» деп еңіреп неге келмеді сол уақытта? Ештеңе білмеймін. Зәкеңнің жатқан жері жайлы болсын. Мүмкін өз құпиясы болған шығар, оны айтпағаннан кейін мен оны қайдан білемін», – дейді әнші.

Сонымен қатар Мақпал Жүнісова Шонжыға барып сұқбат алған тілшіге де ренішін жеткізді. Әнші сол ақпаратты естіген кезде өзінен неге сұрамағанын айтады.

«Сіз білесіз бе, білмейсіз бе, деп неге сұрамайды? Қарындасы болса, не жер әпермеген, неге үй алып бермеген деп Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ. Видеоны көрдім. Бірнеше сіңілісі бар екен. Менің ешқандай қатысым жоқ. Мен өз бауырларымды білемін, әкемнен тараған ұрпағымды білемін, соларды асырап жүрмін», – дейді ол.

Сондай-ақ өнер иесі ешкімге қол жаймай, еңбек еткенін де атап өтті.

«Біз ешкімге қолымызды жайған жоқпыз. Жүгіріп еңбек еттік. Ән айтып, нәпақамызды тауып жүрміз. Видеода 12 бауыры бар деп айтып отыр, соның бәрі неге көмектеспейді?! Неге Мақпал Жүнісова көмектесуі керек? Зәкең маған айтқан жоқ, олар маған келген емес. Енді неге іздеп отыр?» – дейді әнші.

Соған қарамастан Мақпал Жүнісова видеодаға кейіпкердің банк картасына қаржы аударатынын айтты.

«Әлі де сенбеймін. Бір суреті жоқ, ешқашан естімедік. Kaspi gold картасына жағдайым келгенше ақша салармын, талай адамға салып жатырмын ғой. Зәкеңнен байлық қалды дей ме екен, ол кісі бұл өмірден көк тиынсыз кетті ғой. Зәкең миллионер болса, тойға барып ақша тауып жүремін бе? Айту оңай», – дейді Мақпал Жүнісова.

Еске сала кетсек, Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауданында тұратын Әсел Қалабаева есімді әйел анасы Рая Қалабаеваның Заманбек Нұрқаділовтің бір әкеден туған қарындасы екенін мәлімдеген болатын. Ол 20 жылдан бері баспанасыз жүргенін айтып, халықтан, Мақпал Жүнісовадан көмек сұраған еді.

Тегтер: Мақпал Жүнісова
БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Шымкентте мүгедек қыз интернатқа келмей тұрып пәк болған

Келесі жаңалық

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

ҰқсасЖаңалықтар

Туған жеріне симаған  Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды
Басты жаңалықтар

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
156
Курьер он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды (видео)
Әлем

Курьер он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды (видео)

Наурыз 3, 2021
11
Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
544
20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін
Денсаулық

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
56
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
478
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды
Басты жаңалықтар

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
276
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
478
Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
544
Туған жеріне симаған  Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды
Басты жаңалықтар

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
156
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
6.3k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
156

Курьер он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды (видео)

Наурыз 3, 2021
11

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
544

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
56

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
478

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
276
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.