Қазақстан шет елде жүрген қандастарымызды қайтару үшін қанша квота бөлгені анықталды, деп хабарлады Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, 2020 жылы қандастарды қабылдауға арналған аймақтық квота 1378 адамға бөлінді.
Квота «Көші-қон туралы» заңға сәйкес белгіленеді:
– 2020 жылы қандастарды қабылдауға арналған аймақтық квота 1378 адамға бөлінді;
– 2020 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың аймақтық квотасы 4750 адамды құрайды.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбе бойынша 10 күннен соң қолданысқа енгізіледі.