Ал орта медицина персоналының еңбекақысы 20 пайызға ұлғаймақ. Бұл келесі жылы халыққа аса қажетті медициналық көмектің басым түрлерін қаржыландырудың 7 есеге өсуінен мүмкін болады. Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осыны айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
«Жалпы қаржыландырудың көлемінде медициналық тарифтер 10, 20%-ға дейін көтерілетін болады. Бұл дәрігерлердің жалақысын қаңтардан бастап 30 пайызға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, медициналық құралмен жабдықтау 73%-дан 90%-ға дейін көтерілетін болады.
Бұның маңыздылығы әр азаматтың медициналық қызметтерге қалтадан шығыстары келесі жылдан бастап 30%-ға түссе, ал 2025 жылға дейін екі есеге төмендейді деп біз жоспарлап отырмыз», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.