«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық мəслихат депутаттығына кандидаттар Қорағаты ауылында болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Халықтың өз таңдауларын жасап, ертеңгі күнге нық сеніммен қадам жасайтын тарихи күнге де жақын қалды. Бүгін облыстық мəслихат депутаттығына кандидаттар А. Қораласбаев пен Ш. Мырзалиев Қорағаты ауылында өз сайлаушыларымен үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды.
Онда «Nur Otan» партиясының жетістіктері мен сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын таныстырды. Халықтың өмірі, еңбегі, денсаулығы, əл–ауқаты бағдарламада басты назарға алынғанын айтты. Осы бағыттарда көптеген жобалар жасалып, партия орындалуына ықпал ететінін жеткізді.
Тұрғындар сұрақтарына да тұщымды жауаптар берілді. Үгіт-насихат жұмысы барысында кандидаттар сайлау күні өз таңдауларын жасап, партиямен бірге болуға шақырды.
Сайлауалды үгіт-насихат бағытындағы материалдар «Nur Otan» партиясы Жамбыл облысы Рысқұлов аудандық филиалының сайлау қорынан төленеді.