20 жыл бойы өзін ұстатпай жүрген қазақстандық қылмыскер Дағыстанда қолға түсті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттықа агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, павлодарлық полицейлер дағыстандық әріптестерімен бірлесіп халықаралық іздеуде жүрген 39 жастағы ер адамды ұстады. Ол екібастұздық тұрғынның пәтеріне қарақшылық шабуыл жасап, үй иесіне зорлық-зомбылық көрсеткен деген күдікке іліккен. Бірақ, ол бұл әрекетке жалғыз бармаған. 2000 жылы тәртіп сақшылары аталған іске қатысы бар 5 қарақшыны ұстады. Алайда, сол кезде 19 жаста болған қылмыскер полицейлерден ізін жасырып, қашып кеткен.
«2019 жылдың қыркүйек айында мемлекетаралық іздеу жедел алдын алу іс-шарасы аясында Павлодар полицейлері Дағыстан Республикасының қызметкерлерімен бірлесіп, іздеуде жүрген ер адамды қолға түсірді. Қажетті құқықтық рәсімдерден кейін қылмыскер Қазақстанға экстрадицияланады»,- деді Жанна Біләлова, Павлодар облыстық ПБ ресми өкілі.