Түркістан облысында ер адам үш жасар қызын зорлап, асқан қатыгездікпен өлтірді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.
Түркістан облысының қылмыстық істер бойынша сотында Ордабасы ауданының тұрғынына қатысты іс қаралып жатыр. Оқиға өткен жылы күз айында болған. 6 қазан күні ішімдікке сылқия тойып алған 41 жастағы азамат 3 жасар қызын зорлап, 20 рет пышақ сұғып өлтірген. Кейін ол ештеңе болмағандай ұйқыға жатқан.
Бүлдіршіннің анасы осы жағдайдан кейін полицияға жүгінеді. Полиция қылмыскерлерді құрықтады.
Тергеу материалдарына сәйкес, ер адамға екі мәрте медициналық-психиатриялық сараптама жасалған. Кешенді сараптама нәтижесінде ер адамның психологиялық денсаулығының дұрыс екені белгілі болды. Ал ер адам өз кезегінде ешнәрсе есінде жоқ екенін айтып ақталды.
Сот жабық режимде өтіп жатқан көрінеді. Қазіргі таңда қылмыскердің үстінен ҚК 120- бабы, 4-бөлімі және 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуда.