Алматы көшелерінде мас күйінде көлік жүргізген Назар Роллан қамауға алынды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 6 бөлігі бойынша жауапқа тартылды.
Сот Н.Ролланның Porsche маркалы көлігін басқарып Достық көшесімен Абай даңғылының қиылысында оңтүстік бағытта жүргізген, содан соң оны жол полиция қызметкерлері тоқтатқанын анықтады. Н.Роллан бұрын көлік жүргізуші куәлігінен айырылған. Бірақ сонда да жеңіл алкогольдік мас күйінде көлікті жүргізген, деп жазады басылым.
Соттың қаулысымен Н.Роллан кінәлі болып танылып, жиырма тәулікке қамауға алынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.