Таразда жантүршігерлік оқиға орын алды. Құтырған питбуль 54 жастағы әйелді өлгенше талап тастады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Оқиға күндіз болған. Куәгерлердің сөзінше, сыртта әйелдің жанайқайы есітккн. Сөйтіп олар бірден көмекке жүгіре бергенде, қоршаудан үлкен иттің әйелге тап беріп, талап жатқанын көрген.
«Бір бұрышта талап жатты. Содан сүйреп алып келді. Сол кезде сүйменмен ұрдым», – дейді көршілерінің бірі.
Құтырған итті тыныштандыру мүмкін болмаған. Таланған әйелге көмек көрсетуге келген жедел жәрдем қызметкерлері де ештеңе жасай алмай, жарым сағаттай тосып тұрған. Содан соң полицейлер питбульді атып тастаған.
Таланған әйел көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Бірақ ол көз жұмды. 2 литр қан жоғалтыпты. Дәрігерлер оның жүрегі тоқтап қалңанын тіркеді.