«Есіктен есікке» атты акция аясында Алматы облыстық және Іле аудандық мәслихат депутатығына үміткерлер – М.Увалиев, Н.Түймелиев Іле ауданы, Казцик ауылында көшелерді, үйлерді аралап, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі міндеттері мен мақсаттарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Nur Otan» партиясының міндеті — бұл ауданды өмір сүруге жайлы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз ету болып табылады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
«Nur Otan» партиясы құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметінің тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын қамтамасыз ету деңгейін арттыруға жәрдемдесетін болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы төмендегілерге қол жеткізетін болады:
2024 жылы 100 бейнебақылау камераларын орнату.
Қызметтік тұрғын үйлермен біріктірілген 8 жаңа учаскелік полиция пунктерін салу (Чапаев, Ақши, Байсерке, Жетіген, Караой, КазЦИК, Өтеген батыр, Түймебаева ауылдарында).
Қауіпсіздік мәселелері бойынша әлеуметтік жарнама, арнайы телебағдарламаларды жүргізу.
Есірткі, психотроптық заттарды тарату және қолдану фактілерін анықтау бойынша рейдтер ұйымдастыру.
сай
«Nur Otan» партиясының саайлауалды бағдарламасында әр сала бойынша нақты атқарылатын жұмыстар жоспарланғаны, ол жоспарлардың толыққанды орындалуы үшін әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керектігі жайлы айтылды. Шараға қатысушы ауыл тұрғындары 10 қаңтар күні бірауыздан «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтарын және дауыс беретіндерін айтты.
Сайлауалды үгіт-насихат бағытындағы материалдар «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Іле аудандық филиалының сайлау қорынан төленеді.