Сенбі, Қаңтар 23, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

«Билік Ресейге жалтақтамай өз халқына арқа сүйесін»

"Ресей қаупі барлық кезде де болған. Оны біз тарихтан білеміз. Бірақ үнемі қорқынышта өмір сүруге болмайды."

Желтоқсан 29, 2020
Саясат, Басты жаңалықтар, Қазақстан
«Билік Ресейге жалтақтамай өз халқына арқа сүйесін»
Поделиться на Facebook

Саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт қазақ жеріне таласқан Ресей депутаттарының мәлімдемесі жайлы өз пікірін білдірді. Бұл туралы Malim.kz Жаңа Алаш Youtube-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ресей қаупі барлық кезде де болған. Оны біз тарихтан білеміз. Бірақ үнемі қорқынышта өмір сүруге болмайды. Қазір жеріңді атойлап кеп басып алатын орта ғасыр емес. Бұл қорқынышты билік өз мүдесіне пайдаланады. Билік Кремльге жалтақтай бергенше өз халқының сеніміне кіруді ойлау керек. Өз халқына арқа сүйеу керектігін түсінуі тиіс. Иә, солтүстік Қазақстанда жастар Ресейге оқуға пейілді. Неге? Себебі ол жақта гранттар саны көп. Оқу арзан. Және салыстырмалы түрде білім сапасы бізден жақсы. Сондықтан біз бірінші кезекте өз халқымызға жағдай жасасақ ешкім бұл мемлекеттен кетпейді. Және оны қорғайды», – деді саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт.

Сондай-ақ, саясаттанушы қазір жиі айтылып жүрген Тұран Одағына қатысты да ойын білдірді. Айтуынша, түркілердің ондай одағы құрылуы мүмкін емес.

Covid: Қазақстанда 1 ақпаннан бастап халыққа жаппай вакцина егіле бастайды

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады

«Тұран Одағының жақын 10-20 жылда пайда болуына үлкен күмәнім бар. Біз экономикалық тұрғыдан Ресей мен Қытайға тәуелдіміз. Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы қателеспесем, 19,5 млрд доллар. Біз Ресейден 15млрд аса долларға тауар аламыз. Ал біз оларға 4,5 млрд долларға тауар сатамыз. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынасы 14-15 млрд доллар шамасында. Бұл бір-екі жыл бұрынғы мәлімет. Ал Қазақстанның барлы түркі тілдес елдермен сауда айналымы 7,5 млрд доллар ғана. Иә, соңғы кезде Өзбекстанмен қарым-қатынас жанданып келе жатыр. 4 млрд айналасында сауда жасайтын болдық. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы 1 млрд доллар шамасында ғана болса, Қазақстан мен Түркменстан арасындағы сауда айналымы 145 млн доллар. Қазақстан мен Әзірбайжанның сауда-саттығы 220-230 млн болса, Түркиямен 2 млрд аса долларға сауда жасаймыз. АҚШ пен де осы соңғы соммаға экономикалық қатынастамыз.

Бұл экономикалық себеп. Енді саяси жағына келейік. Қазіргі Қазақстан билігінің қаншалықты Ресейге тәуелді екенін білеміз. Бізде Украинада, Беларусь, Қырғызстандағыдай саяси оқиғалар бола қалса қазақ билігіне саяси кепілдік беретін ел де осы Ресей. Үшінші мәдени фактор. Түркі халықтарымен ортақ тарихымыз бар, тілдеріміз ұқсас. Бірақ мәдени және білім интерграциясы қай бағытта жүріп жатыр. Ресей мен Қытайда қанша жасымыз оқып жатыр. Ия, Түркида да білім алып жатқан қазақ балалары бар. Бірақ Ресеймен салыстыруға келмейді. Түркия мен Әзірбайжан арасы өте жақсы. Мен өз көзіммен көрдім тәуелсіздіктен кейін дүниеге келген әзірбайжандар орыс тілін білмейді. Керісінше түрікше сөйлейді. Ресейге қарағанда Түркияны өздеріне жақын тұтады. Ал біз, Қырғызстан әлі орысша сөйлейміз. Жалпы орта азия энергетика мәселесі бойынша да Ресейге қатты тәуелді.Осындай себептер бойынша Тұран Одағы құрыла қоймайды», – деді саясаттанушы.

Ал әскери одақтың құрылуы мүмкін бе дегенге сарапшы былай деп жауап берді:

«Әскери одақтың да құрылуы екіталай. Бізде ОДКБ бар. Қазіргі қазақ билігі үшкін ОДКБ бірінші орында тұрады деп ойлаймын. Бұл одақ қазіргі режимдер үшін тиімді. Осы жазда сайлаудан кейін Минскіде халық митингісі басталды. Сол кезде Путин әскер кіргізуі мүмкін деген әңгімелерде болды. Оған ОДКБ келісім береді деген сөздер айтылды.»

Сұхбатта алдағы мәжіліс пен мәслихат сайлау туралы да айтылды.

«Бізге сайлау институтын қалпына келтіру керек. Сайлау дегеніміз билікті бейбіт жолмен ауыстыратын жол. Адамзат баласы басқаша баламасын әлі ойлап тапқан жоқ. Біздің тырнақшаның ішіндегі саяси элита сайлауды  өз билігін ұзарту деп түсінеді. Сайлау хақында адамдардың түсінігін де өзгерту керек», – деді Шалқар Нұрсейіт.

Тегтер: ҚазақстанРесейШалқар Нұрсейіт
БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

"Қазақстанымның арқасында ғана Димаш болып жүргенімді түсініңіздер!"

Келесі жаңалық

Аяз ата күйеу мен пәтер сұрап хат жазған 39 жастағы әйелдің тілегін орындады

ҰқсасЖаңалықтар

Адамдарға бақытты болу үшін қанша ақша керегі белгілі болды
Өмір

Адамдарға бақытты болу үшін қанша ақша керегі белгілі болды

Қаңтар 22, 2021
10
Пойыздарда ауыз суға зиянды заттар қосатыны рас па?
Денсаулық

Пойыздарда ауыз суға зиянды заттар қосатыны рас па?

Қаңтар 22, 2021
8
Қазақстанға 40 градус аяз қайта оралады
Ауа райы

Қазақстанға 40 градус аяз қайта оралады

Қаңтар 22, 2021
7
Қазақ қызы «халал жезөкшеге» айналдыратын намазхан жігіттер туралы айтты (видео)
Қылмыс

Қазақ қызы «халал жезөкшеге» айналдыратын намазхан жігіттер туралы айтты (видео)

Қаңтар 22, 2021
122
Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)
Басты жаңалықтар

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)

Қаңтар 22, 2021
133
«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты
Шоу-бизнес

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
269
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Аяз ата күйеу мен пәтер сұрап хат жазған 39 жастағы әйелдің тілегін орындады

Аяз ата күйеу мен пәтер сұрап хат жазған 39 жастағы әйелдің тілегін орындады

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.3k
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.5k
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
977
Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)
Басты жаңалықтар

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)

Қаңтар 22, 2021
133

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адамдарға бақытты болу үшін қанша ақша керегі белгілі болды

Қаңтар 22, 2021
10

Пойыздарда ауыз суға зиянды заттар қосатыны рас па?

Қаңтар 22, 2021
8

Шымкентте пара алудан медицина саласы көш бастап тұр

Қаңтар 22, 2021
2

Қазақстанға 40 градус аяз қайта оралады

Қаңтар 22, 2021
7

Қазақ қызы «халал жезөкшеге» айналдыратын намазхан жігіттер туралы айтты (видео)

Қаңтар 22, 2021
122

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)

Қаңтар 22, 2021
133
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.