Сабина Алтынбекова тұрмысқа шыққан соң, Қуат Хамитов алғаш рет пікір білдірді. Ол осы уақытқа дейін спортшы аруды әйелдікке алғысы келетінін айтқан-ды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
«Әй, Сабина, Сабина, саған енді ғана қарай бастаған едім, ал сен қашып кеттің. Менің құттықтауымды қабыл ал! Шын жүректен саған бақыт тілеймін! Сен тамаша жансың. Біздің қыздарымыз өзің секілді тамаша және сүйкімді болсын. Үлгілі әйел, жақсы ана болатыныңа сенімдімін! Ал қалғандарына босаңсымаңдар, аңшылық жалғасады дегім келеді», — деп жазды Қуат Хамитов өзінің парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, ол осы уақытқа дейін волейболшы Сабина Алтынбековаға үйленгісі келетінін айтқан болатын.