Бүгін Алматы облысы мәслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Жазықпаева, Ж.Донбаев, Т.Қасымбекова және Қарасай аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Айтжанов, Е.Константинова, Б.Сүнбеков, Ж.Садуова, Б.Айнабеков, А.Балажанова денсаулық сақтау салысының өкілдерімен онлайн форматта жолықты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді, сонымен қатар сайлаушылар тарапынан сұрақтар болды.
Сайлауалды бағдарлама алға қойылған жоспар болғанымен, жоспар талаптың арқасында жүзеге асады.
Сондықтан партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда табандылық пен талаптылық керек екені атап айтылды.
Үміткерлер кездесуге қатысқан денсаулық сақтау салысының өкілдеріне алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.
Сайлауалды үгіт-насихат бағытындағы материалдар «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қарасай аудандық филиалының сайлау қорынан төленеді.