Бүгін, 25 желтоқсан күні, Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Н. Тайжанов Мыңбай елді мекенінің өзекті мәселелері тақырыбында кездесу өткізді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Елді мекен тұрғындары кездесу барысында үміткерге ауыз су мәселесі өзекті болып отырғандығын айтты. Жалпы Мыңбай ауылына ауыз су құбыры жүргізілген, бірақ сол ауыз суды үй-үйге жеке-жеке тартып кіргізу проблема болып отырғандығын алға тартты.
Сонымен бірге көшенің орталықтарын жарықтандыру керектігі бойынша тұрғындар ұсыныс тастады. Үміткер тұрғындардың көтеріп отырған мәселесі «Машат» ауылдық округі әкімдігінің назарында тұр.
Келесі жылдан бастап рет-ретімен көтерген мәселерден назардан тыс қалмай қолға алынатындығын атап өтті. Одан бөлек үміткер Н. Тайжанов 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда дауыс беруге шақырды.
Сайлауалды үгіт-насихат бағытындағы материалдар «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Түлкібас аудандық филиалының сайлау қорынан төленеді.