Бүгін Түркістан облысы Түлкібас ауданы мәслихат депутаттығына үміткерлер – Б. Жабатаев, М. Асан «Түркібасы» ЖШС-нің ұжымымен партияның бағдарламасы жөнінде экспромт-кездесу өткізді. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы Түлкібас ауданын дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалғанын айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау болып табылады. Бұл мекеме алғаш 2018 жылы 50% жеке кәсіпкердің және 50% Түлкібас ауданы әкімдігігің қолдауымен «Түлкібасы» коммуналдық шаруашылығы болып құрылған болатын.
2018 жылы толығымен бұл мекеме толығымен жеке кәсіпкерлікке өтіп, «Түркібасы» ЖШС болып қайта құрылды. «Түркібасы» ЖШС директоры – Жартыбаев Келесбек Ешенқұлұлы. Аталмыш мекеме аудандағы жеке тұлғалар мен заңды тұлғалармен жұмыс жасайды.
Мекеме жұмысшылары бекітілген кестеге сай апта сайын жеке және заңды тұлғалардың күл-қоқыстарын алып кетіп, орталықтағы күл-қоқыс полигионына апарып, сұрыптап, кәдеге жарату және жою жұмыстарын атқарарады. Келесбек Ешенқұлұлы басқарып отырған мекемеде 40 адам жұмыс атқарып келеді.
«Түркібасы» ЖШС арнайы техникаларымен қамтамасыз етілген. Партия барлығына ашық! Біз Сіздердің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. Біз Сіздердің сенімдеріңізді бағалаймыз және Сіздермен бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз деп үміткерлер жиынды аяқтады!
Сайлауалды үгіт-насихат бағытындағы материалдар «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Түлкібас аудандық филиалының сайлау қорынан төленеді.