«Nur Otan» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен күні кеше басталған мерекелік автошеру бүгін өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан халқы асыға күтетін Тәуелсіздік мерекесіне орай, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауына қолдау көрсету мақсатында партияның Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан филиалы мерекелік автошеру ұйымдастырды. Аталған шара бүгін ғана өз мәресіне жетті.
Мерекелік автошеру аудан орталығына айналған Есік қаласынан басталды. Оның қатысушылары қолына Қазақстан Республикасының көк туын ұстап, 25 округтік орталық көшелерімен жүріп өтті.
Мұнымен қатар, ерекше автошеруге «Jas Otan» жастар қанаты, еріктілер мен әр салада жеткен өзіндік жетістіктері бар жастар да атсалысты.
Сайлауалды үгіт-насихат бағытындағы материалдар «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының сайлау қорынан төленеді.