Жексенбі, Қаңтар 17, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Сайлау 2021

Ішінде бәрі қамтылған. Үміткерлер Рахимов пен Ибдиминов сайлауалды бағдарламамен таныстырды

Алда ауданда 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашып, халықтың әл-ауқатын көтеру жоспарда бар

Желтоқсан 15, 2020
Сайлау 2021, Басты жаңалықтар, Білім, Қазақстан, Қоғам, Медицина, Өмір, Саясат
Ішінде бәрі қамтылған. Үміткерлер Рахимов пен Ибдиминов сайлауалды бағдарламамен таныстырды
Поделиться на Facebook

Бағдат Рахимов пен әріптесі Раимжан Ибдиминов «Nur Otan» партиясы тізімімен Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатқа үміткер ретінде партияның «Есіктен есікке» акция аясында аудандағы көпбалалы аналардың үйлерін аралап кездесу өткізді. Елдегі ахуалға байланысты медициналық-санитарлық талаптар қатаң сақталды, деп хабарлайды Neonomad ақпарат агенттігі.

Қос үміткер «Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламасымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Бағдат Рахимов пен Раимжан Ибдиминов 2021 жылдың қаңтар айының 10 жұлдызында «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Айтуларынша, мұндағы ортақ мақсат – әр тұрғынның өмір сүру деңгейін жақсарту. Бүгінде барлық азаматтың партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтетіні сөзсіз. Ол үшін қайта жүктеуді және партия ішіндегі ашық сайлау – праймериз өтеді.

Мәжілісмендерді орналастыруға 74 мың доллар жұмсайды

Президент: Сайлаудан кейін Парламентте әртүрлі партия болады деп ойлаймын

Тұрғындармен көрісуге асыққан қос азамат «Nur Otan» партиясының барлығы үшін бірдей ашық екенін, әрдайым халық тарапынан айтылған ұсынысты қолдауға дайын екенін мәлім етті.

«Халықтың жағдайын жақсартатын жұмыстар 7 бағытта жүргізіледі: экономикалық тұрақты, қолайлы, әлеуметтік-бағдарланған, жастарға арналған, тарихы мен мәдениеті бай аудан, ашық және есеп беретін жергілікті органдар және қауіпсіз аудан. Осы басым бағыттардың алғашқысына сәйкес,  «Nur Otan» партиясының бағдары экономиканың басым салаларын — өнеркәсіпті және агроөнеркәсіп кешенін дамытуды қолға алды. Алда жалақысы жақсы жаңа жұмыс орындарын құру жоспарда бар. Өздеріңіз білетіндей, коронавируске байланысты пандемия кезінде өнеркәсіптік және аграрлық секторлардың тұрақты жұмысының арқасында өңірде экономиканың шығындары мен жұмысшылардың жаппай жұмыстан шығуына жол берілген жоқ. Осы орайда болашақта отандық өндірушілерді қолдап, импортты алмастыратын өнім шығару арқылы 2,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрамыз. Ал орташа жалақы 150-175 мың арасында болады деген мақсат бар», — деді Бағдат Рахимов.

Ішінде бәрі қамтылған. Үміткерлер Рахимов пен Ибдиминов сайлауалды бағдарламамен таныстырды 1

Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін 10 инвестициялық жобаны қолға алу жоспарда бар. Олар: Қуаты жылына 3,3 млн тонна кен өндіретін «Жетісу вольфрамы» кенін қайта өңдеу зауытын салу; 2021 жылы Тауқаратурық ауылында қарқынды бақ салу және «Phoenix Fruits» сақтау және қайта өңдеу цехтарын салуға (қуаты – 200 л / сағ); 2022 жылы Ақши ауылында «Frosco» ЖШС-нің жеміс-көкөніс өнімдерін өсіру мен қайта өңдеуі (өнімділігі – айына 1000 тонна) және жемістер мен көкөністерді сақтау цехін салуға (4000 тонна); «ЖЭС Nurly» ЖШС (2021 жылына 4,5 мегаватт), Нұрлы ауылындағы «Жерұйық Энерго» ЖШС (2021, қуаты – жылына 60 мегаватт) және Асы ауылындағы «ЖЭС Толқын» ЖШС 3 жел электр станцияларын салуға (2022, қуаты – жылына 5 мегаватт); «АЛМАСОЛАР» ЖШС-нің Шелек өзенінде су электр станциясының құрылысы (2022, қуаты – 50 мегаватт); 2024 жылы, Қаражота ауылындағы Тілеужанов шаруа қожалығында жүнді өңдейтін цех салу (қуаты – жылына 500 тонна); Экспорттық номенклатураны жаңа өнім өндіру арқылы кеңейту; Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту.

Раимжан Ибдиминов өз кезегінде кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп, шағын және орта бизнесті дамыту саласына айтарлықтай көңіл бөлінетініне тоқталды.

«Коронавируске қатысты әлемде қалыптасқан ахуал бизнестің қай түріне болсын белгілі дәрежеде өз әсерін тигізгені сөзсіз. Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында 7 187 адамы бар 994 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін тоқтатты. Есесіне партия бизнес иелеріне тығырықтан шығуға көмектесіп, «Атамекен» ҰКП-мен ынтымақтастық түрлі шараны қолға алды. Алда «Nur Otan» партиясы «Бизнестің жол картасы –— 2020» бағдарламасы шеңберінде кредит беру тетіктерін жыл сайын пайдалану, оның ішінде жылына 15 жобаны субсидиялау мен кепілдік беру және 2 мың кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетуге қол жеткізетін болады. Ең бастысы, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын 150 мемлекеттік грант, 200 микрокредит бөлініп, жыл сайын 10 басым жоба қаржыландырылады», — деді Раимжан Ибдиминов.

Ішінде бәрі қамтылған. Үміткерлер Рахимов пен Ибдиминов сайлауалды бағдарламамен таныстырды 2

Бұл шаралар 2025 жылға қарай жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын 22,3 мың бірлікке дейін (2019 жылы — 19,2 мың бірлік), ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар санын 43,5мың адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Аудан тұрғындарымен кездесу барысында партияның «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобалары туралы айтылды. Төрт жыл ішінде елдегі 12 ауылда жол сапасы жақсартылып, автобус парктері жаңартылады. 2025 жылға қарай ауыз су мәселесі 95%-ке шешіледі. Кәріз жүйесі жаңғыртылып, қажетті тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстары жүреді. Сондай-ақ, пандемия барысында интернет ресурстардың қолжетімділігі мәселесі көзге түсті. Елді мекен тұрғындарының санын ескере отырып, 4G технологиясы бойынша ұялы байланыс операторларының базалық станцияларын орнату есебінен жүзеге асырылады.

Ішінде бәрі қамтылған. Үміткерлер Рахимов пен Ибдиминов сайлауалды бағдарламамен таныстырды 3

Білім мен медициналық көмек сапасын жақсарту да ерекше басымдылық берілетін бағыттардың қатарында. Жаңа объектілер салынып, оқушылардың да, ұстаздардың да тек оқу процесіне көңіл аудару мүмкіндігі артады.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатқа үміткерлер Бағдат Рахимов пен Раимжан Ибдиминовтан партия бағдарламасы туралы толыққанды ақпарат алған тұрғындар өз ойын ортаға салып, сауалдарын қойды және толыққанды жауап алды.

Сайлауалды үгіт-насихат бағытындағы материалдар «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының сайлау қорынан төленеді.

Тегтер: Парламент сайлауыСайлауСайлау 2021сайлауалды бағдарламасайлауалды үгіт-насихат
БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Ресейдегі депутат: Егер сыйлық деп қабылдамасаңдар, қайтарыңдар

Келесі жаңалық

Қазақ әншілерге есірткі тасыдым деген қыз 3,5 жылға сотталып кетті

ҰқсасЖаңалықтар

«Ақботамен қосылмаймын»: Айдарқұлов биыл тағы үйленетінін айтты
Шоу-бизнес

«Ақботамен қосылмаймын»: Айдарқұлов биыл тағы үйленетінін айтты

Қаңтар 15, 2021
14
Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды
Әлем

Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
9
«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»
Әлем

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

Қаңтар 15, 2021
203
Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)
Өмір

Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)

Қаңтар 15, 2021
84
Тоқаев зейнетақы жинағын алу кезінде салық төлеуді кейінге қалдыру туралы заңға қол қойды
Сайлау 2021

Тоқаев Пайыздық межені 7-ден 5%-ға төмендетуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
9
«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады
Қазақстан

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады

Қаңтар 15, 2021
259
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Қазақстан өлім жазасынан бас тартты

Қазақ әншілерге есірткі тасыдым деген қыз 3,5 жылға сотталып кетті

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»
Әлем

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

Қаңтар 15, 2021
203
«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады
Қазақстан

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады

Қаңтар 15, 2021
259
TikTok-та жұлдыз болған шопанды полиция ұстап әкетті (видео)
Өмір

TikTok-та жұлдыз болған шопанды полиция ұстап әкетті (видео)

Қаңтар 10, 2021
324
«Тірі қалғысы келсе». Федеров Қазақстанның неге Ресейге қосылуы керегін айтты
Саясат

«Тірі қалғысы келсе». Федеров Қазақстанның неге Ресейге қосылуы керегін айтты

Қаңтар 11, 2021
2k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ақботамен қосылмаймын»: Айдарқұлов биыл тағы үйленетінін айтты

Қаңтар 15, 2021
14

Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
9

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

Қаңтар 15, 2021
203

Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)

Қаңтар 15, 2021
84

Тоқаев Пайыздық межені 7-ден 5%-ға төмендетуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
9

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады

Қаңтар 15, 2021
259
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.