Қостанай облысында 29 жастағы Лисаков тұрғыны қамауға алынды. Оған 12 жастағы өгей қызын зорлады деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК «Зорлау» 120-бабы бойынша, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Ал қыз бала жүктілік кезеңінде.
Еске сала кетсек, Қазақстанда «Зорлау» бабы орташадан ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды. 120-бап 4-бөлікке сәйкес, қылмыс дәлелденген жағдайға кінәлі азамат 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.