Үйі өртеніп, бес бірдей қызынан көз жазып қалған Ситирлер отбасы ұлды болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
«Өрт кезінде барлық баласынан айырылған отбасыны көп күткен қуанышымен құттықтаймын. Бүгін олардың үйінде қуаныш болып жатыр. Ұл бала дүние есігін ашты. Жанымгүл жүкті болғаны туралы ақпаратты құпия ұстауымды өтініп еді. Енді сүйінші жаңалықты бөліскім келеді.
Бүгін бүкіл халық болып қайғырған отбасыда қуаныш. Ел болып саулығын тілейміз. Қыздарыңызға деген махаббаттың есесіне лайықты мұрагер болсын. Сол махаббат бар жаманнан қорғап жүрсін. Өткен жылы халық ауыр қайғыны естіп бірге жылады. Енді бұл отбасында үміт пайда болды», – деп жазды блогер Тәңірберген Бердоңғаров өзінің желідегі парақшасында.
Еске сала кетсек, 2019 жылдың 4 ақпанына қараған түні Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында жеке үйдің аумағында өрт шығып, кішігірім үй өртеніп кетті. 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылдары туған бес қыз бала көз жұмды.