Бүгін, 12 желтоқсан күні, Түркістан облысының Түлкібас ауданында «Nur Otan» аудандық партия филиалында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, жеке кәсіпкер, «Мақұлбек» ЖШС төрағасы Ералы Сартбаевтың қатысуымен сайлауалды үгіт-насихат шарасы өтті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Ералы Мақұлбекұлы шараға қатысқан аудан тұрғындары мен жастарға «Nur Otan» партиясының 20 жылдан астам жасаған істеріне куә болғанын, сөздің емес, істің партиясы екенін айтты.
Сондай-ақ, Тәуелсіздік алып, бейбітшілік пен тыныштық орнаған жылдарда елімізде елеулі істер қолға алынып, айтарлықтай жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.
Үміткер шаруа қожалығын құру арқылы бірнеше адамды жұмыспен қамтып қана қоймай, аудандағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмегін аяған емес.
Сайлауалды үгіт-насихат бағытындағы материалдар «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Түлкібас аудандық филиалының сайлау қорынан төленеді.