Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағын алу кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуді кейінге қалдыруға мүмкіндік беретін заңға қол қойды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
«Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды», – деп хабарлады Ақорда.
Оған сәйкес, 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алатын азаматтарға 10% табыс салығын төлеу мерзімін кейінге қалдыру құқығы беріледі. Келесі жылдан бастап зейнетақы жинағын баспана сатып алу, емделу, қаржы компанияларына басқаруға беру үшін пайдалануға болады.