Сәрсенбі, Қаңтар 27, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Спорт Бокс және ММА

Германияда туып, жарысқа сол елдің атынан қатысса да, қазақтың туын көтеріп шығып жүр

Желтоқсан 5, 2020
Бокс және ММА, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Спорт
Германияда туып, жарысқа сол елдің атынан қатысса да, қазақтың туын көтеріп шығып жүр
Поделиться на Facebook

Еуропа құрлығында кикбоксингтен өтетін жекпе-жектерде топ жарып, әлем чемпионатында ешкімге дес бермей жүрген Ясемин Қарабазар есімін көпшілік біле бермейді. Германияның Мюнхен қаласында туып-өскен ол түрлі жарыстарға сол елдің атынан шықса да, тарихи Отанын ұмытпай, жеңісінен соң рингке Қазақстан туын жамылып шығады, деп хабарлайды Түркістан басылымы.

Ясемин Қарабазар 1989 жылы Германияның Мюнхен қаласында өмірге келген. Ол кикбоксингпен кәсіби түрде айналысады. Кандасымыз – халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте чемпионы. Спортшы үлкен рингтерге 2011 жылдан бастап шыққанын атап өтті.

Екі жыл бұрын жоғалған жасөспірім табылды: ол педофилдің қорасында қамақта болған

«Қазір есептеп қарасам, осы тоғыз жылдың ішінде рингке 84 рет шығыппын. Германия чемпионатынан бастап, Еуропа және әлем чемпионаттарында топ жардым. Одан бөлек, Грекия, Италия, Португалия, Чехия, Украина, Түркия елдерінде өткен халықаралық жарыстарда бақ сынадым. Мұнымен қоса, Германияның көп қаласында өткізіліген жекпе-жек кештерінде жүлделі болдым», – деді Ясемин Қарабазар.

Ол байрақты бәсекелерде Қазақстанның туын үнемі алып шыға алмайтынын жасырмады.

«Негізі Германия елінде дүниеге келіп, осы елдің атынан қатысқан соң, көп ретте Германия туын алып шығамын. Бірақ бірнеше жекпе-жекте рингке шығар алдында жеке бапкерімнен Қазақстан туын алып шығуға рұқсат сұрадым. Ереже бойынша дұрыс болмаса да, рұқсатын берді. Негізі, тарихи Отаның¬ның туын жамылып шығуға барлық жерде рұқсат берілмейді», – деді қандасымыз.

Ясемин Қарабазар Қазақстанда екі рет болғанын да атап өтті.

«Біріншісінде Шымкент қаласына қыдырып бардым, екіншісінде ағам Алматы қаласының маңындағы Қаскелең қаласынан қыз алып, құдалыққа барғаным бар. Сол себепті кіндік қаным тамбаса да, табаным тиген тарихи Отанның туын ұстап шығу – мен үшін мәртебе», – деді ол.

Спортшы осы жылы пандемия салдарынан жарыс жолына шықпағанын, қазіргі уақытта шәкірт тәрбиелеумен айналысып жүргенін жеткізді.

«Соңғы рет былтыр Мюнхен қаласында болған жекпе-жек кешінде рингке шықтым ғой деймін. Дегенмен қол қусырып отырған мен жоқ. Кикбоксингтен секция ашып, қазіргі таңда кезінде осы спортқа қатты қызыққан қыздарды жаттықтырып жүрмін. Одан бөлек, сақтандыру ісі бойынша қосымша жұмысым бар. Қазіргі таңда коронавирус салдарына бола кәсіби спортқа қатысты жоспар құрмайтын болдым», – деді қандасымыз.

Ясемин Қарабазар жақында жеке өмірінде жақсы жаңалық болатынын алға тартты.

«Жақында тұрмысқа шығамын, соған дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ендігі кезекте жалғыз емеспін, сол себепті рингке шығу-шықпау туралы шешімді жолдасыммен ақылдасып шешетін боламын. Мүмкін, бұрынғыдан бетер мықты қалыпта оралармын, мүмкін қазіргі таң-да өзім баптап жатқан қыздарды рингке алып шығармын. Барлығы уақыттың еншісінде», – деді спортшы.

Тегтер: ГерманияЯсемин Қарабазар
БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

"Алла бізден жақсы біледі. Әр нәрсенің хайыры бар": Алтынай Жорабаева Сәбит Әбдіқалықовтың қазіргі әйелін кінәламауға шақырды

Келесі жаңалық

2021 жылғы діни күндер кестесі бекітілді

ҰқсасЖаңалықтар

Нұрқаділовтің қарындасының қызы: Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да
Өмір

Нұрқаділовтің қарындасының қызы: Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да

Қаңтар 27, 2021
4
Жоқ туысына дейін жалақы төлеген директор 14 млн айыппұл арқалады
Қылмыс

Жоқ туысына дейін жалақы төлеген директор 14 млн айыппұл арқалады

Қаңтар 27, 2021
61
Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды
Өмір

Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды

Қаңтар 27, 2021
10
«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)
Қазақстан

«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)

Қаңтар 27, 2021
21
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Қазақстандағы зейнетақы

Қазақстанда зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсынылды

Қаңтар 27, 2021
10
Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес
Бокс және ММА

Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес

Қаңтар 27, 2021
77
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
2021 жылғы діни күндер кестесі бекітілді

2021 жылғы діни күндер кестесі бекітілді

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
2.4k
«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді
Өмір

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
680
Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді
Өмір

Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді

Қаңтар 26, 2021
542
«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды
Басты жаңалықтар

«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды

Тамыз 26, 2019
5k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрқаділовтің қарындасының қызы: Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да

Қаңтар 27, 2021
4

Жоқ туысына дейін жалақы төлеген директор 14 млн айыппұл арқалады

Қаңтар 27, 2021
61

Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды

Қаңтар 27, 2021
10

«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)

Қаңтар 27, 2021
21

Қазақстанда зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсынылды

Қаңтар 27, 2021
10

Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес

Қаңтар 27, 2021
77
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.