Ғалия Құдиярова отандық «Астарлы ақиқат» бағдарламасында маскүнем күйеуінің әдепсіздігі туралы айтып арызданды. Отағасы, тіпті, балаларының көзінше бөлменің қақ ортасында тұрып дәрет сындыратын болған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Әйел отағасының бұл әрекеттерін қалай тоқтатарын білмей қиналуда.
«Бұл бағдарламаға осы мәселемен келемін деп еш ойламаппын. Жолдасым араққа тойып алып, үйге келіп аузына келгенін сөйлейді. Балалардың көзінше боқтайды. Алдында бес жасар қызымызға айқайлап жатыр. Ашуға беріліп, оған қол көтере жаздадым. Өзімді ұстадым. Ол балалардан ұялмайды. Оның бұл қылықтарын неше жыл бойы жасырып келдім. Алайда, шыдамның да шегі бар. Мен әрекетке көшіп, осында келдім.
Күйеуім қатты ішіп алып, үйдің қақ ортасында дәрет сындырады. Онысын балалардың көзінше жасай береді. Үй ішінде тұру мүмкін емес. Мен төрт баламмен басқа бөлмеде жатамын. Оған жоламаймын. Иісі өте жаман. Түнімен ұйықтамаймыз. Бір рет түн жарымда шорылдаған дауыс естіп, атып тұрсам еденге сиіп жатыр екен. Өзінің жатып жүрген бөлмесінің қақ ортасында дәретін сындырып тұр. Мастықпен әжетханаға жете алмай қалдым дейді. Бірақ, онысы өтірік» , — деді Ғалия Құдиярова.