Сейсенбі, Сәуір 13, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Журналист Жылқышыбай: Сәкен Майғазиев сауатсыздығын, қателік жібергенін білсін

Желтоқсан 4, 2020
Шоу-бизнес, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Журналист Жылқышыбай: Сәкен Майғазиев сауатсыздығын, қателік жібергенін білсін

Сурет: instagram.com/saken_maigaziyev/?hl=ru

Поделиться на Facebook

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай Сәкен Майғазиевке шүйлікті. Ол әншінің бейнебаянын сынға алып, ондағы кейбір эпизодтарды әншінің сауатсыздығына балады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналист әншінің бейнебаянындағы қар барысын ақтады. Ол 0ызыл кітапқа енген барысты бұралқы ит секілді көрсетті деп санайды. Бұл әншінің қателігі болғандықтан сынды көтерсін деген пікір айтты.

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

«Сәкен Майғазиевтің жақтастары жабылмайды деген ойдамын! Белгілі эстрада жұлдызы, атақты «Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің көксеген мақсаты не? Қызыл кітапқа енген жыртқышты (қар барысын) бұлай қорлағанына көз жұма қарауға бола ма? Күллі түркі халқының тотемі саналған қасқырларды бұралқы ит қылып көрсеткені несі?

Миллиондаған халықтың жүрегінен орын алып жүрген өнер иесінің 3D анимациялық бейнебаянын көріп отырып жағамды ұстадым! Сәкен Майғазиевтің ту ұстап шапқанында үлкен мән жатыр. Бәлкім өз мақсаты бар шығар. Қызғанбаймын, көздеген ойына жете берсін… Жіберген қателіктерінің бірі сауатсыздығында! Ұлттық символымызға айналған қар барысын қорлап, бұралқы ит сияқты көрсеткені дұрыс па? (аттың артынан ілестіргені) Қызыл кітапқа енген жыртқышты бейнебаяныңа қыстырмасаң болмайтын ба еді?

Журналист Жылқышыбай: Сәкен Майғазиев сауатсыздығын, қателік жібергенін білсін 1

Бейнебаяннан үзінді кадр

Мысық тектес жыртқыш ойыншық емес! Сонымен қатар анимациялық бейнебаянда екі қасқырдың арсалаңдап Сәкен мырзаның артынан қалмай жүгіргенін көресің. Қай қазақтың баласын көріп едің түз тағысын ерткен? Қасқырға деген қазақтың қошеметі жоғары болған. Сүйінбай Аронұлы бабамыз » Бөрілі менің байрағым, бөрілі байрақ көтерсе, қозады қай-қайдағым»… деп тегіннен тегін жырламаған.

Қазақ халқы қазіргі күнге дейін ержүрек, батыл жігіттерді Көк Бөріге теңеп, көркем шығармаларда бөріні батылдық пен батырлықтың символы ретінде бейнелейді. Тырнақтың астынан кір іздегенім емес, сынды да көтере білгенің жөн! Циркте өнер көрсетпейтін барыс пен қасқырды сүйкімсіз етіп абырой таппайсың!

Аталған анимациялық  бейнебаянның авторы Адырна ұлттық порталының жетекшісі бұған өз жауабын айтты.

«Құрметті Нұрсейіт! Бұл анимациялық бейнебаянды әзірлеген біздің @adyrna.kz порталы болатын. Сол себепті өзіңізге бейнебаянның мазмұнын, идеясын шамалы түсіндіріп өткенді жөн көріп отырмын. «Қазағым, қасиетіңнен айналайын» деген әннің мазмұнына сай қазақтың кең жазира даласы, қасиетті жерлері қамтылуы нысанға алынған, басты кейіпкер де мұнда аңшылық құрып жүрген жоқ, сол жүйіткіген жүйрігімен қазақ көрікті, тарихын түгендеп жүр. Бұл жердегі аң-құстар тотемдік символ ретінде алынған. Бөрі, барыс, қыран бейнесінде рухтардың қолдауы, желеп-жебеуі ишараланған. Қыранды тұтас қазақтың рухы десек те болады. Барыс сақтар заманында ерекше киелі саналған. Көне түрік дәуірінде көк бөрі пір тұтылған. Осының барлығы бейнеленіп, көркемделіп жасалған туындыда басты кейіпкерге жол сілтеуші, жетелеуші мағынада алынған. Оғыз қаған жырында Оғыз қағанға көк бөрі жол бастап, жеңістерге жеткізіп отырады. Абылай ханның ақ бурасы да сондай киелі саналған. Кемпірбайдың көк ала үйрегі, Жамбылдың қызыл жолбарысы, Балуан Шолақтың ақ қошқары және тағы басқа ұлы тұлғалардың қолдаушы рухтары аң-құс бейнесінде көрінген. Міне, бізді де, қазақты осындай қиын қыстау кезінде бабалар рухы қолдасын деген ниет, мұны ежелгі аңыздарды, рухани құндылықтарды қайта тірілту деп білгейсіз», – деп жазды Арман Әубәкір.

Алайда бұл жауапқа Жылқышыбай қанағаттанбайды. Бұл әншінің қатесі дегенді тағы айтты.

«Ареке, мен сізді қатты құрметтеймін. Оның өз себебі бар… Анимациялық бейнебаяндағы қыранға менің еш сөзім жоқ. Қай Түркінің баласын көріп едің барыс пен қасқырды атқа лестірген? «мысық тектес жыртқыш пен көк бөріні осылай көрсетіңдер» – деп Сәкен мырза бұйрық берді ме? Әлде өнер иесі бұралқы ит пен оларды шатастырып алды ма? Еш ақталудың қажеті жоқ, бауырым! Сәкен Майғазиев өзінің жіберген қателігін түсіну керек! Сәкенді неге сонша жақтап жатырсыз? «Ежелгі аңыздарды, рухани құндылықтарды қайта тірілтетін» Сәкен бе? Қасқыр мен барысты аттың артына ілестіруге оның құқығы жоқ. Сіз дұрыс жағынан түсініңіз! Өнер жұлдыздарын көкке көтере беруден пайда бар ма? Орындарын біліп, сынды да көтере білсін!», – деп сөзін аяқтады.

Ал желі қолданушылары сынықтан сылтау іздеп отырған журналистің өзіне сын айтты. Олар бейнебаяннан ешқандай әбестік көрмегендерін жазып жатыр.

Тегтер: Нұрсейіт ЖылқышыбайСәкен Майғазиев
БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«Ипотекамды жабамын»: Құранды 5 миллионға саудалағандар жұртты ашуландырды

Келесі жаңалық

Әйелін жұмысқа жіберген: Алматыда туған әкесі 4 жасар қызын азғындаған

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
809
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
771
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
903
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
58
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
366
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Әйелін жұмысқа жіберген: Алматыда туған әкесі 4 жасар қызын азғындаған

Әйелін жұмысқа жіберген: Алматыда туған әкесі 4 жасар қызын азғындаған

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады
Технологиялар

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады

Мамыр 19, 2020
890
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
903
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
809

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
809

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
771

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
903

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1k

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
132

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
58
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.