«Неге» саяси ток-шоуына қонаққа келген Ермұрат Бәпи мен Тазабек Сәмбетай төбелесіп қалды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Хабардың ресми каналына жүктелген видеодан төбелестің жүргізуші Ерқанат Көпжасардың Ермұрат Бапидан «ЖСДП-ны 200 мың АҚШ долларына сатқаныңыз рас па?» деген сұрағынан басталғанын көруге болады.
Журналистер даудың эфир біткен соң жалғасып тапқанын айтады. Абырой болғанда, екеуі де дін-аман үйлеріне қайтқан. Екі саясаткердің төбелесі рейтинг үшін жасалған “әдіс-тәсіл” ме деген сұрағымызға:
“Біз күтпеген жағдай. Қорыққан мен қуанған бірдей демекші, не істерімді білмей қалдым. Біреулер арнайы қойылған “қойылым” деп жатыр. Бұл қисынға келмейді. Екеуі де “қойылым” үшін сатып алуға келмейтін саясаткерлер. Оның үстіне бұл рейтингке арналған бағдарлама емес. Толық нұсқасын көру керек”, – дейді Ерқанат Көпжасарұлы.