Жол-көлік полициясы жолаушының вокзалда қалдырып кеткен 4 млн теңгесін қайтарып берді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Асқар Жоланов Алматыдан Маңғыстауға кетіп бара жатып Шымкенттегі үйінің сатылымынан түскен 4 млн теңгесін жоғалтып алған. 27 қараша күні пойыздан түсіп таксиге отыратын кезде ақшасының жоқ екенін байқайды. Сондай-ақ, ақша сөмкедегі ақшаның жанында құжаттары болған. Өзі іздеп таба алмаған соң бірден полицияға шағымданады.
Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында ол ақшасын табады.
«Бұл жолаушы пойыздан түсіп, сөмкесін платформада қалдырып кеткен, оны абайсызда тағы бір белгісіз жолаушы алып кеткен. Өтініш түскен сәттен бастап барлық аймақтарда рейдтер ұйымдастырылды. Бұл сөмкені табу процесі өте қиын болып шықты және бес күнге созылды. Мұның себебі – вокзал азаматтардың тығыз шоғырланған орны. Сондай-ақ, барлық көлік нысандары, оның ішінде вокзалға жақын орналасқан ғимараттар, қоқыс пен қаңғыбас мекендейтін жерлерге дейін тексеруден өтті», — деді.
Маңғыстау станциясының көліктік полиция бөлімі бастығының орынбасары Қуанышкерей Қызылбаев.
Оның айтуынша, тексеру іс-шаралары осы жолаушы жүрген вагонның барлық аумағында жүргізілген.
«Біз әр жолаушыға хабарласып, тіпті олардың тұрғылықты жерін араладық. Бұл шараға біздің бөлімнің барлық жедел қызметкерлері жұмылдырылды. Біздің жұмысымыз жеміс берді және біз жоғалған сөмкені абайсызда алған белгісіз жолаушыны анықтадық. Ақша иесіне толығымен қайтарылды», — дейді мамандар.
Сөмкенің иесі қызметкерлерге ерекше ризашылығын білдірді.
«Бұл менің отбасым үшін өте маңызды қаражат еді. Ақшамыздың табылғанына қуаныштымыз. Көлік полициясына алғыс білдіреміз. Бес күн бойы қаражатымызды іздеп, кері қайтарып берді», —дейді Асқар Жұланов.