Қарағанды тұрғыны 60 жастағы әйелді зорлағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыс осы жылдың маусым айында болған. ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы «Зорлау», «Зорлық-зомбылық белгілері бар жыныстық қатынас» және «Денсаулыққа қасақана орташа дәрежедегі ауырлық көрсету» баптары бойынша айыпталған ер адамның ісі Қарағанды қаласы Қазбек би аудандық сотында қаралды.
Айғақтар ер адамның кінәлі екенін толықтай дәлелдеді. Сот оны 6,5 жылға бас бостандығынан айырды.
«Сот сонымен бірге жәбірленушінің моральдық зиянды өтеу туралы талабын ішінара қанағаттандырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», — делінген хабарламада.