Нигерияда 6 бірдей жүкті әйелімен тойға келген ер адам жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Тойдағы қонақтарды аузына қаратқан Майк Эзе-Нвали Нвогу Лагостағы Uno түнгі клубының қожайыны. Көпшілік «Сымбатты Майк» деп атап кеткен ер адам 6 әйелінің де өзінен жүкті екенін айтады.
The Sun басылымы оның АҚШ-та білім алғанын жазды.
Осылайша қонақтардың назары күйеу жігіт пен қалыңдықта емес, көп әйелі бар азаматта болды. Сондай-ақ, оның алты әйелі түсі бірдей көйлек киіп келген.
Майк Эзе-Нвали Нвогу бұған дейін әйелдерді қарғыбаумен иттерше көшеде серуендеткені үшін жауапқа тартылды.