Қазақстандық әлеуметтік желілерде ер азамат қауымының қызды ақ кілемге отырғызып ұзатып бара жатқан сәттегі видеосы қызу талқыға түсті. Көпшілік бұрын-соңды мұндайды көрмегенін айтып жатыр. Арасында бұл «салтты» сынағандар да бар, қызыға қарағандар да бар, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Видеоны бөліскен Instagram желісінің svadba_kazzz парақшасы аталған тойдың еліміздің батыс бөлігінде болғанын жазған.
«Дереу батысқа барамыз ба, не істейміз, ағайын? Біз көрмеген қанша салт бар сіздерде өзі?» – деп жазған видеомен бөлісушілер.
Желі қолданушыларының дені батыста мұндай салт жоқтығын жарыса жазуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Мәссаған! Мынау бір қызық салт екен. Бірақ өтірік сияқты», «Ондай салт жоқ қой батыста», «Өмірімде батыста мұндай салт көрмедім», «Бұл қайдан шыққан салт тағы» деп жазды желідегілер.
Арасында керісінше кең тараған салт екенін жазғандар да табылды.
«Ноғайлықтар болу керек, ақ киізге тектілігін сақтап, үйінен ұзатады», «Қыз ұзатып жатыр. Кілемді тек ағалары көтереді», – деп жазған өзге пікір қалдырушылар. Бұл салтты бірі ұнатса, енді бірі сын-пікірін жаудырған. «Ақ киізге отырғызып, хан көтереді» деген бар еді, мынасын білмедім» деп болжады олар.