Бішкек қаласында Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев ісінің сот тыңдалымы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Судья Мирлан Термешиков журналистерге алғаш сот отырысын видеоға түсіруге рұқсат берді. Сот процесі ашық өтіп, жиналғандар Атамбаевты қол соғып қарсы алды.
Экс-президентке қолдау көрсету үшін келгендер арасында оның жұбайы Раиса Атамбаева да бар. Ол сот отырысы арасындағы үзілісте күйеуімен амандасып үлгерді.
«Келші, сені құшақтайыншы», – деді Атамбаев әйеліне.